• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Рыбакина «Жыл ойыншысына» үміткер атанды

    Маусым қорытындысы бойынша әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) марапатына үміткерлер анықталды.

    Еліміздің бірінші ракеткасы, «Уимблдон-2022» турнирінің жеңімпазы Елена Рыбакина «Жыл ойыншысы» аталымы бойынша үміткерлер қатарына кірді.

    Сондай-ақ, жоғары марапатқа әлемнің бірінші ракеткасы, «Ролан Гаррос», US Open және тағы алты жарыстың жеңімпазы, Польшаның теннисшісі Ига Швентек, дүниежүзілік рейтингіде екінші тұрған US Open және «Уимблдон» турнирінің финалисі, Мадрид пен Берлин чемпионы, тунистік Онс Жабер бақ сынасады. Бұдан басқа, америкалықтар, әлемнің жетінші ракеткасы, «Ролан Гаррос» турнируінің финалисі Кори Гауфф, рейтингіде үздік үштіктегі «Гвадалахара»  турнирінің жеңімпазы Джессика Пегула мен биыл WTA қорытынды турнирінде топ жарған франциялық Каролин Гарсия тізімге іліккен.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *