• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Дмитрий Морозов пен Алина Дауранова А тобына жолдама алды

    Нидерландтың Херенвен қаласында конькимен жүгіруден Әлем кубогы кезеңінің В тобындағы сын аяқталды. Әйелдер арасында 500 метрге жарыста Алина Дауранова екінші орын алды. Оның уақыт көрсеткіші – 38.75 секунд.

    Ерлер арасында 1500 метрге Дмитрий Морозов В тобында жеңіске жетті. Ол сөреден мәреге 1:45.95 секундта жетті. Осылайша, Дмитрий мен Алина келесі кезеңнен бастап таңдаулы конькишілер бақ сынайтын А тобында өнер көрсетеді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА 

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *