• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Испания әлем чемпионатының рекордын жаңартты

    Испания құрамасы Коста-Рика командсын 7:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионаттарындағы ойындарында допқа иелік ету көрсеткішін жаңартты.

    Осы матчта Испания құрамасы ойын уақытының 81,7%-ында допқа иелік еткен. Бұл — әлем чемпионаттарындағы жаңа рекордтық көрсеткіш. Бұған дейін допқа иелік ету көрсеткішінде Аргентина құрамасы үздік болған. 2010 жылғы әлем чемпионатында Грекияға қарсы өткен матчта оңтүстік америкалықтар ойын уақытының 80,3%-ында допты өз иеліктерінде ұстаған. Осы көрсеткіш бойынша үшінші орында 2018 жылғы әлем чемпионатындағы Ресей мен Испания арасындағы матч тұр. Мұнда Испания құрамасы жалпы уақыттың 78,9%-ында допты өз бақылауында ұстаған.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *