• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    «Қайрат» мальталық клубпен тең түсті

    Футзалдан Чемпиондар лигасының элиталық айналымында Алматының «Қайрат» клубы Мальтаның «Люксол Сент-Эндрюс» командасымен кездесіп, 0:0 есебімен тең түсті.

    Кездесуде командалар бір-бірінің қақпасын аңдып, қауіпті шабуылдар жасады. Алайда, одан еш нәтиже болмады. Бірінші таймда қарсыластар гол сала алмады.

    Екінші таймда да жағдай осылай болды. «Қайрат» ойын тізгінін өз қолына алуға тырысып, қауіпті соққылар жасап көріп еді, одан нәтиже шықпады.  Жанкүйерлер матчтың соңына дейін голды көре алмай қайтты.

    Кездесу 0:0 есебімен тең аяқталды.

    Енді Алматының клубы бүгін «Хрудим» командасымен кездеседі.

    Чехиялық клуб та Португалияның «Бенфика» командасымен 3:3 есебімен тең түсті.

    С тобындағы ойындар 22-27 қараша аралығында өтеді. Әрбір топтың жеңімпазы турнирдің бас жүлдесін сарапқа салатын төрт команданың қатарына қосылады.

    Қазір С тобында «Хрудим» (Чехия) мен «Бенфика» (Португалия) клубы да күш сынасуда.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *