• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Тағы да сенсация! Германия құрамасы Жапониядан ұтылды

    Германия құрамасы Катарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының алғашқы матчында Жапония командасынан 1:0 есебімен жеңіп жатып, 1:2 есебімен ұтылып қалды.

    Е тобында Германия мен Жапония құрамаларының кездесуі аса тартысты өтті. Кездесу «Неміс машинасы» үшін сәтті басталған. Олар ойынды бірден қолға алып, 33-минутта Илькай Гюндоган пенальтиден қақпаны дәл көздеп, Германияны алға шығарды. Бірінші таймның соңында ГФР-дың футболшылары екінші голын салды. Брақ Кай Хаверц офсайдта қалып, доп есепке алынбады.

    Екінші тайм да Германия құрамасының басымдығымен басталды. Олар допқа көбірек иелік етті. Бірақ жапон футболшылары сәт сайын қарымта шабуылдар жасап, Мануэль Нойер қақпасын торуылдаумен болды. Жапондар 75-минутта жылдам шабуыл жасап, есепті теңетірді.

    Ал кездесу соңына қарай азиялық құрама жеңісті жұлып әкетті. Күншығыс елінің ойыншылары қарымта шабуыл жасап, Такумо Асано жойқын соққы жасады. Осылайша жапондар ойынның соңына дейін есепті ұстап, жеңіске жетті.

    Енді Германия құрамасы келесі матчын 27 қарашада Испания құрамасына қарсы өткізеді. Ал жапондар Коста-Рикамен күш сынасады.

    Бұған дейін Аргентина құрамасы Сауд Арабиясынан 1:2 есебімен ұтылып қалған еді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *