• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    ӘЧ-2022: Роналду рекорд жаңартты

    Футболдан Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатында Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду кезекті рет рекорд жаңартты.

    Ол бес рет әлем чемпионатына қатысып, бесеуінде де гол салған тұңғыш ойыншы атанды. Биылғы додада ол Португалия мен Гана матчында 65-минутта 11 метрлік айып добынан қақпаны дәл көздеді. Осы кездесуде футболшы матчтың үздік ойыншысы атанып, ұлттық құрамасы сапындағы 112-голын салды.

    Бұған дейін шабуылшы 2006, 2010, 2014 және 2018 жылғы әлем чемпионаттарында мергендігімен көзге түскен еді. Сондай-ақ Роналду әлем чемпионатында еркін агент ретінде гол салған екінші ойыншы болды. Ол әлемдік доданың алдында Англияның «Манчестер юнайтед» клубымен қош айтысқан болатын.

    Криштиану Роналдудың Еуропа чемпионаттарында 14 гол соққан ең мерген ойыншы деген атағы да бар.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *