• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Чемпиондар лигасы: «Қайрат» чехиялық клубтан жеңіліп қалды

    Футзалдан Чемпиондар лигасының элиталық айналымында Алматының «Қайрат» клубы Чехияның «Хрудим» командасымен кездесіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

    Кездесуде Алматының команда бірінші таймда есеп ашуға тырысты. Дегенмен гол сала алған жоқ.

    Екінші таймда да шабуылға жиі шығып, гол сала алмады. Керісінше, бұл жолы чехиялық клубтың жолы болып, қарсыластардың қақпасына бірінгі болып доп соқты.

    Ойынның 22-минутында Марко Радованович есеп ашты. Одан кейін 24-минутта Матеус Торрес есепті 0:2-ге жеткізді.

    «Қайрат» сапынан Рафаэль Вилела 38-минутта есеп айырмасын қысқартты.

    Осылайша «Қайрат» жарысты жалғастыру мүмкіндігінен айырылды.

    Осы топтағы Португалияның «Бенфикасы» Мальтаның «Люксол Сент-Эндрюсын» 6:0 есебімен жеңді.

    Енді «Қайрат» 26 қарашада «Бенфикамен» кездеседі.

    Чемпионар лигамсының элиталық айналымында әрбір топтың жеңімпазы турнирдің бас жүлдесін сарапқа салатын төрт команданың қатарына қосылады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *