• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Хоккейден 2023 жылғы ӘЧ: Қазақстанның қарсыластары анықталды

    Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының 2023 жылғы әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды.

    Әлемдік дода келесі жылдың 12-28 мамыры аралығында Латвияның Рига мен Финляндияның Тампере қалаларында өтеді.

    Қазақстан құрамасы В тобында Канада, АҚШ, Швейцария, Словакия, Латвия, Норвегия және Словениямен кұш сынасады.

    Ал А тобында Финляндия, Швеция, Чехия, Германия, Дания, Франция, Австрия және Венгрия өнер көрсетеді.

    Биыл әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы топ-дивизиондағы орнын сақтап қалды.

    Әлем чемпионатында Италия мен Ұлыбритания бірінші дивизионға түсті. Олардың орнын 2023 жылы Венгрия мен Словения құрамалары басты.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *