• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Жас теннисші Роберт Каминский үшінші рет жеңімпаз атанды

    Роберт Каминский Литваның астанасы Вильнюс қаласында 12 жасқа дейінгілер арасында өткен екінші санаттағы Tennis Europe турнирінде жеңімпаз атанды.

    Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, еліміздің жас теннисшісі финалда Польшаның осы жастағы бірінші ракеткасы Ян Парадовскиймен кездесті.

    Алматы теннис мектебінің түлегі қарсыласын 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктірді. Жарыс барысында Роберт бірде-бір сетте ұтылған жоқ.

    Жұптық сында Р.Каминский литвалық Марк Тверсиймен бірге финалда тартысты бәсекеде Беларусь өкілдері Коран – Свитловқа есе жіберді. Есеп – 6:1, 4:6, 5:10.

    Роберт Каминский үшін биылғы жыл табысты болды. Ол осымен Tennis Europe сериясы бойынша жекелей сында үшінші титулын жеңіп алды. Биылғы маусымда Амал Сұлтанбековтің шәкірті 30 матч өткізіп, соның 26-сында жеңіске жетті.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *