• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   
    Сол жақта тұрған Лаула Алмағанбетова

    Еркін күрес: Лаура Алмағанбетова Азия чемпионы атанды

    Лаура Алмағанбетова еркін күрестен 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы Азия чемпионы атанды.

    Қазақстан күрес федерациясының хабарлауынша, United World Wrestling ұйымы Лаура Алмағанбетоваға арнайы хат жолдаған.

    Онда Бішкекте өткен Азия чемпионатының финалында Лаурамен белдесіп, алтын медаль жеңіп алған үнді балуанының допингке қарсы талаптарды бұзғаны жазылған.

    Осылайша чемпионаттың 57 келіге дейінгі салмақтағы алтын медалі Лаула Алмағанбетоваға беріледі.

    Лаура Жақсылыққызы Қостанай облысында туған. 2004 жылдан бері Сарыкөл аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығады.

    Ол — Қазақстан Республикасының спорт шебері, Қазақстан Республикасының алты дүркін чемпионы, Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері, әлем чемпионатының қола жүлдегері.

    Қазақстанның 100 жаңа есімі жобасына іріктеп алынған.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *