• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    «Арландардың» Қытайдағы айқасы тікелей эфирде көрсетіледі

    Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) өнер көрсетіп келе жатқан елордалық «Астана арландарының» кезекті «Қытай айдаһарларына» қарсы өткізетін айқастарын «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кездесу 21 сәуір күні Қытайдың Санья қаласында өтеді. Бұл «Астана Арландарының» топтық кезеңіндегі соңғы айқасы. Бокс кешінің басталуы Астана уақытымен сағат 17:30-да. Естеріңізге сала кетейік, бұл сында «арландар» сапынан 52 кило салмақта Анвар Мұзаппаров, 60 кг салмақта Зәкір Сафиуллин, 69 кило салмақта Асланбек Шымбергенов, 81 кг салмақта Арман Рысбек және 91 кмлодан ауыр салмақ дәрежесінде Олжас Бұқаев шаршы алаңға шығады.
    http://www.inform.kz/kz/arlandardyn-kytaydagy-aykasyn-elimizde-tikeley-efirde-korsetedi_a3018977

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *