• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақ күресінен әлем чемпионаты басталды

    Ертең Беларусьтің астанасы Минск қаласында қазақ күресінен VII әлем чемпионаты жалауын көтереді. Ұлттық күресімізден ең алғашқы әлемдік дода 2006 жылы Алматы қаласында өткен екен. Содан бері қазақ күресінен əлем чемпионаты үзбей өткізіліп келе жатыр.

    Минск қаласы біздің палуандарымызға бөтен емес. 2013 жылдың желтоқсан айында осы жерде қазақ күресінен IV әлем чемпионаты өткен еді. Ол жолы дүниежүзінің 44 елінен келген спортшылар 5 салмақ дәрежесінде сынға түсіп, барлық 5 салмақта өз палуандарымыз үздік шықты. Атап айтар болсақ Абзал Арыстанбеков (60 кг), Ерлан Естек (70 кг), Ерсін Мұхамеджанов (80 кг), Мұхит Тұрсынов (90 кг) және Айбек Нұғымаров (+90 кг) секілді батырларымыз әлем чемпионы атанып, ел мерейін асырды.Сондай-ақ, сол сыннан ел қоржынына 1 күміс пен 3 қола жүлде түскен болатын.

    Ертең тұңғыш рет қазақ күресінен ерлермен қатар әйелдер арасында алғашқы әлем чемпиондарының есімдері белгілі болады. Сол себептен палуандарымызға сәттілік тілейміз!

    Осы жаңа Минск қаласына келген палуандар мен команда жетекшілеріне арналған отырыс болып өтті.
    Оған Біріккен күрес əлемі құрамына кіретін дүниежүзілік ұлттық спорт түрлері комитетінің төрағасы Вилейта Гинтаутас пен дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының президенті Серік Төкеев жəне Беларусь қазақ күресі федерациясының президенті Владимир Гришенковтар қатысып, ертеңгі өтетін чемпионаттың регламентімен таныстырды.

    Дəл қазір чемпионатқа 26 елден команда келіп үлгерді. Осыдан екі күн бұрын Ресей мен Беларусь елдері арасындағы транзиттік қатынас өзгеруіне байланысты бірнеше елдің өкілдері Мəскеуден кері қайтса, енді біразы кешігіп жатыр.

    Отырыста ертеңгі өтетін əлем чемпионатын даңқты спортшы, Беларусь қазақ күресі федерациясының құрметті президенті Александр Медведтің 80 жасқа толған құрметіне арнайтын болып шешім қабылданды.

    Мұсағали Тасқалиев
    «Спорт жұлдыздары» журналының бас редакторы.

    Арнайы www.sportpress.kz үшін

    Минск (Беларусь)

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *