• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы көз жұмды

    Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, баскетболдан аты аңызға айналған КСРО ұлттық құрамасының мүшесі Әлжан Жармұхамедов өмірден өтті. Бұл туралы ЦСКА баскетбол клубының ресми сайтында жарияланды.

    ЦСКА мен ұлттық құраманың тамаша ойыншысы Әлжан Жармұхамедов дүниеден өтті. Аты аңызға айналған «Түркістан жыланы» 78 жаста еді, — делінген хабарламада.

    Әлжан Мүсірбекұлы Жармұхамедов – қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, 9 дүркін КСРО чемпионы (1970-1978 жж, 1980 ж.), КСРО құрамасының сапында үш мәрте Еуропа чемпионы (1967, 1971, 1979 жж.).

    Ол 1972 жылы Мюнхенде Олимпиада чемпионы атанды.

     

    Еркеғали БЕЙСЕНОВ,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *