• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Әлемдегі ең егде футболшы Еуропада ойнағысы келеді

    55 жастағы жапониялық футболшы Кадзуеси Миура Португалияның екінші дивизионындағы «Оливейренсе» клубымен қысқа мерзімді келесімшартқа отырды. Бұл туралы Nikkan Sport хабарлады.

    Мируа клубтың инфрақұрылымын көруге Португалияға барып та үлгеріпті. Ал келісім келесі жылдың қаңтарына дейін жасалған. Содан кейін Кадзуеси қайтадан Жапонияға оралып, «Йокогама» командасына қосылады.

    Миура — әлемдегі жасы ең үлкен футболшы. Ол 1990-2000 жылдары Жапония құрамасында ойнаған. Сонымен бірге футзал құрамасы үшін де өнер көрсеткен. Ал клубтық карьерасында Жапонияның командаларын есепке алмағанда «Дженоа», «Кроация», «Сидней» клубтары мен Бразилияда ойнаған.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *