Қазақ күресі: әлем чемпионатына 38 ел келді

Көптен күткен қазақ күресінен кезекті əлем чемпионаты басталды. Минск төріне 38 елдің палуаны жиналды.

Мəскеу арқылы көптеген елдің спортшылары Минскге жете алмай, елдеріне кері қайтқаны туралы кеше айтқан болатынбыз. Ертең де келетін елдер бар. Əйелдер арасындағы белдесулер сол себептен ертеңге қалды.

Боз кілемге бірінші болып +90 килода бразилиялық Паулина до Селва мен африкалық Мхана Холани шықса екінші кілемде қырғызстандық Мирлан Ералиев пен Зимбабвелік Тадио Такинджа белдесті.

Алғашқы кілемде бразилиялық таза жеңіске жетсе, екінші кілемде де қырғыз палуаны қарсыласын бірнеше секундта алып ұрды.

Мұсағали ТАСҚАЛИЕВ,

Минск (Беларусь)

Пікір жазу

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*