• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақстан алғаш рет парабиатлоннан әлем кубогының иегері атанды

    Финляндияда өткен парабиатлоннан Әлем кубогы кезеңінде Ербол Хамитов 10 км қашықтықты 32:37.0 секундта жүріп өтіп, алтын медаль еншіледі.

    Екінші орын украиналық қарсыласы Тарас Радқа (33:41,6), ал үшінші орын тағы бір украин спортшысы Александр Алексикке (33:50,7) бұйырды.

    Әлем кубогының кезеңіндегі бұл жеңіс — Қазақстан тарихындағы алғашқы алтын медаль.

    Парашаңғы мен парабиатлоннан әлем кубогының кезеңі Финляндияның Вуакатти қаласында 7-19 желтоқсан аралығында өтіп жатыр.

    Жарыста Ербол Хамитов парашаңғыдан 5 км қашықтықта күміс жүлде, 10 км қашықтықта қола жүлдені еншілесе, Александр Герлиц парабиатлоннан 12.5 км қашықтықта қола медальге ие болған.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *