• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Шорт-трек: Денис Никиша әлем кубогы кезеңінің чемпионы атанды

    Денис Никиша шорт-тректен Алматыда өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінің чемпионы атанды.

    Ол өзіне қолайлы қашықтық — 500 метрден топ жарды.

    Оңтүстіккореялық Яжан Сунву екінші, бельгиялық Стижн Десмет үшінші орынға ие болды.

    Бұл — Денис Никишаның биылғы әлем кубогы кезеңдеріндегі төртінші медалі.

    Бұған дейін ол Солт-Лейк-Сити мен Алматыда 500 метр қашықтықта күміс жүлдегер атанған еді.

    Сондай-ақ кеше Алматыда тағы да 500 метрліктен мәре сызығын үшінші болып қиды.

    Денис Никиша осы жеңісінен кейін мұз айдынында сүйгеніне сөз салды. Ол «Иә», деді.

    Бұдан бұрын Денис Никишаның әлем кубогы кезеңінің күміс жүлдегері атанғанын хабарлағанболатынбыз.

    Сонымен қатар қазақстандық конькиші шорт-тректен әлем кубогі кезеңінің қола жүлдесін жеңіп алды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *