• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Спорт федерацияларының есеп беруі аяқталды

    Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында федерациялардың жылды қортындылап, есеп беруі жалғасып жатыр.

    Бүгін бірқатар олимпиялық емес спорт түрлері биыл атқарылған жұмыс жайлы есеп берді. Бұл қатарда су астында бағдарлау, Nomad MMA, пенчак силат, комбат дзю-дзюцу, президенттік көпсайыс, альпинизм, самбо, футзал, дойбы, судомодель спорты мен каратэнің бірнеше түрі (мейбукан годзю-рю каратэ-до, ашихара каратэ) бар.

    Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мен дирекция қызметкерлерінен құралған комиссия спорттың осы түрлерінің еліміздегі даму қарқыны, жетістіктері мен қордаланған мәселелері жайлы ақпарат алды. Барлық федерация алдағы жоспарын ұсынды. 2023 жылы қатысатын жарыстары жөнінде және өз ұсыныстарын айтты. Бүгінгі есептен кейін федерациялардың бір жылға арналған бюджеті белгіленеді.

    Дирекция директоры Оралбай Жақсымбетов жиынға келген атқарушы директорлар, бас жаттықтырушылар мен менеджерлерді бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Сондай-ақ кешенді жарыстарда үздік нәтиже көрсетуге басымдық берілетінін атап өтті.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *