• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Астанада «Жеңімпаз рухы» ұлттық спорт сыйлығы беріледі

    Бүгін Астанада спорт саласындағы жылдың таңдаулы жүлдесі – «Жеңімпаз рухы» ұлттық спорт сыйлығын табыс ету рәсімі өтеді.

    Салтанатты кеш барысында Мәдениет және спорт министрлігі үздік спортшылар, жаттықтырушылар, спорт саласына қатысты мекемелердегі өзге де мамандарды, спорт журналистерін марапаттайды. Қазылар алқасы жылды қорытындылап, 2022 жылғы үздіктердің атын атайды. Бұл туралы

    Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны хабарлады.

    Барлығы 14 номинация бойынша 20 үміткерге сыйлық беріледі:

    1) «Жылдың үздік спортшысы» — 2 номинация

    2) «Жылдың үздік жаттықтырушысы» — 2 номинация

    3) «Жылдың үздік аккредиттелген спорт федерациясы»

    4) «Жылдың үздік спорт мекемесі»

    5) «Жылдың үздік спорт өңірі»

    6) «Ауылдағы үздік жаттықтырушысы»

    7) «Дене шынықтыру және спорт бөлімінің үздік маманы»

    8) «Жылдың үздік балалар жаттықтырушысы»

    9) «Ойын түрлері бойынша үздік спорт командасы»

    10) «Ауылдағы үздік дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері»

    11) «Жыл жаңалығы – үздік спортшы»

    12) «Жылдың үздік меценаты»

    13) «Жастар мен жасөспірімдер арасындағы үздік спортшы»

    14) «Сейдахмет Бердіқұлов атындағы үздік спорт журналисі»  номинациясы

    Бұл сыйлықтың мақсаты – ел спортын дамытуға үлес қосу, насихаттау. Енді қалыптасып келе жатқан спортшыларды биік шыңдарды бағындыруға ел болып жігерлендіру.

    Марапаттау кешіне Ескендір Ибрагим, Айдана Меденова, Давид Чарлин, «JUMYR QYLYSH» тобы,  Гүлнұр Оразымбетова, Ақтоты Болшова сынды отандық эстрада әртістері қатысады.

    Кеш жүргізушілері – Сырым Қашқабаев, Гүлмира Дайрабаева мен Санжар Мәди.

    Сыйлық номинанттарының есімдері марапаттау рәсімінде жарияланады.

    Уақыты: 22 желтоқсан, сағат 18:00. Болатын жері: «Қазмедиа Орталығы», Астана қаласы.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *