• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Спорттағы жыл үздіктері анықталды

    Астанада спорт саласындағы жылдың таңдаулы жүлдесі – «Жеңімпаз рухы» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары анықталды. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Спортты дамыту дирекциясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны хабарлады.

    Салтанатты кеште Мәдениет және спорт министрлігі үздік спортшылар, жаттықтырушылар, спорт журналистерін марапаттап, жыл бойы атқарған еңбегіне құрмет көрсетті. Қазылар алқасы таңдаған 14 номинация бойынша мына азаматтар үздік болып танылды:

    1) «Жылдың үздік спортшысы» – Жәмила Бақбергенова (жазғы спорт түрлерінен) мен Александр Герлиц (қысқы спорт түрлерінен);

    2) «Жылдың үздік жаттықтырушысы» – Нұрсұлтан Теміров (жазғы) пен Антон Жданович (қысқы);

    3) «Жылдың үздік аккредиттелген спорт федерациясы» – Ұлттық коньки тебушілер федерациясы

    4) «Жылдың үздік спорт мекемесі» – Атырау облысы «Мүгедектердің спорт ұйымы»;

    5) «Жылдың үздік спорт өңірі» – Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасы;

    6) «Ауылдағы үздік жаттықтырушысы» – Дастан Канатбекұлы Балабеков (Жетісу облысы);

    7) «Дене шынықтыру және спорт бөлімінің үздік маманы» – Ирина Новикова мен Елена Галиц (Астана);

    8) «Жылдың үздік балалар жаттықтырушысы» – Самат Сапишев (Шымкент);

    9) «Ойын түрлері бойынша үздік спорт командасы» – «Қуаныш» волейбол клубы (СҚО);

    10) «Ауылдағы үздік дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері» –Бекжан Адамбеков (Түркістан облысы);

    11) «Жыл жаңалығы – үздік спортшы» – Елена Рыбакина;

    12) «Жылдың үздік меценаты» – Қайырбек Сәдуақасұлы Хамзин (СҚО);

    13) «Жастар мен жасөспірімдер арасындағы үздік спортшы» – Алан Құрманғалиев (үстел теннисі), Евгений Федоров (велоспорт), Мария Бровкова (каноэде ескек есу);

    14) «Сейдахмет Бердіқұлов атындағы үздік спорт журналисі» номинациясы – Аслан Қаженов, Ғалым Сүлеймен, Бек Төлеуов.

    Салтанатты кештің соңында Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев сөз алып, жеңімпаздарды құттықтады.

    «Әуелі барлық жүлдегерді құттықтағым келеді. Биыл атап айтар жеңістеріміз де көп болды. Бүгін сол сәттің жеңімпаздары осында жиналды. Мемлекет спорты дамыту, спортшыларды ынталандыру бойынша бар жағдайды жасап жатыр. Ел спортына серпін беретін бірқатар заңнама да қабылданды. Десе де алда жұмыс көп. Келесі жылы Олимпиадаға дайындықтың қызар шағы. Біздің құрамалар барынша көп жолдама иеленуге барын салмақ. Ал мақсат — Париждегі басты бәсекеде сәтті өнер көрсету», — деді ол.

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *