• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақстан хоккейшілері универсиаданы жеңіспен бастады

    АҚШ-тағы Лейк-Плэсид қаласында басталған қысқы универсиада Қазақстан құрамасы Оңтүстік Корея командасымен кездесіп, қарсыластарын 5:1 есебімен жеңді.

    Қазақстан құрамасында шайбаларды Алдияр Нұрлан (6-минут), Максим Мусоров (26-минут), Кирилл Полохов (35 және 37-минут) пен Максим Мұхаметов (39-минут) соқты. Оңтүстік Корея құрамасында Мин Джэ Чан (21-минут) қақпаны дәл көздеді.

    Универсиадада Қазақстан құрамасы Венгрия, Ұлыбритания, Словакия және АҚШ құрамаларымен топта өнер көрсетеді. Топтан бірінші және екінші орын алған командалар плей-офф кезеңіне шығады.

    Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 13 қаңтарда Венгрия командасына қарсы өткізеді.

    Бұған дейін 2023 жылғы қысқы универсиада 12-22 қаңтар аралығында АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өтіп жатқаны хабарланған еді. 1500-ден астам спортшы спорттың 12 түрінен күш сынасады. Оның ішінде жас үміттілер де, өз пәндеріндегі жетістікке жеткен студенттер де бар. Байқауға 17 мен 25 жас аралығындағы университет студенттері қатыса алады.

    Қазақстанның намысын тау шаңғысы, биатлон, шаңғы жарысы, керлинг, мәнерлеп сырғанау, фристайл, хоккей, шаңғы қоссайысы, шорт-трек, шаңғымен секіру, сноуборд, конькимен жүгіру сияқты 12 спорт түрі бойынша 78 спортшы қорғайды.

    Хоккей турниріне Қазақстанның студенттер құрамасы қатысып жатыр. Командалар екі топқа бөлінген. Хоккейшілеріміз В тобында ойнайды. Әр топта алғашқы екі орын алған командалар жартылай финалға жолдама алады. Финалдық ойыннан бөлек, үшінші орын үшін де кездесу өтеді.

    Қазақстан құрамасының алдағы турнирге қатысу кестесі:

    13 қаңтар – 00:00, Корея – Қазақстан.

    13 қаңтар – 20:30, Қазақстан – Венгрия.

    16 қаңтар – 07:00, Қазақстан – Ұлыбритания.

    17 қаңтар – 03:30, Қазақстан – Словакия.

    18 қаңтар – 20:30, АҚШ – Қазақстан.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *