• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Ислам елдерінің бірінші хоккей турнирінде қазақстандықтар жүлдегер болды

    Татарстанның астанасы Қазан қаласында хоккейден Ислам елдерінің бірінші халықаралық Kazan Hockey Cup турнирі аяқталды. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігі хабарлады.

    Ерлер арасындағы жарысқа 12 команда қатысып, әрқайсысы төрттен үш топқа бөлінді.

    Қазақстан атынан құрамында әуесқой хоккейшілер де, кәсіби деңгейде өнер көрсеткен ұлттық құраманың бұрынғы ойыншылары да бар «OSKEMEN» командасы қатысты.

    Олар өз тобында Қырғызстан мен Түркіменстанды жеңіп, Татарстан командасынан есе жіберіп, екінші орын алды.

    «OSKEMEN» клубының бас жаттықтырушысы Андрей Райскийдің айтуынша, турнир өте жақсы ұйымдастырылған.

    Таңғалатын ештеңесі жоқ. Өйткені, Татарстанда спорт индустриясы әрдайым жақсы болған. Жергілікті хоккейшілердің өзі құрлықтық хоккей лигасында  өнер көрсетіп келеді, — деді ол.

    Өз кезегінде команда капитаны Омар Жақсылық қатысуға шақырғаны үшін ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, мұндай іс-шаралар елдер арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтатынын атап өтті.

    Турнир нәтижесінде штаб-пәтері Қазан қаласында орналасқан Ислам елдерінің шайбалы хоккейін дамыту халықаралық қауымдастығын құру туралы келісімге қол қойылды.

    Жаңа ұйым аясындағы ынтымақтастық тәжірибе алмасуға, ойыншыларды, жаттықтырушылар мен төрешілерді оқытуға, жас хоккейшілерді даярлау әдістемелеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *