• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Australian Open-2023: Юлия Путинцева екінші айналымға шықты

    Әлемнің 47-ракеткасы Юлия Путинцева Австралия ашық чемпионатының екінші айналымына шықты.

    Отандасымыз алғашқы кездесуін әлемнің 42-ракеткасы, румыниялық Сорана Кырстямен өткізіп, оны 6:2, 6:4, 6:3 есебімен ұтты.

    Бұл матч екі сағатқа жуық уақытқа созылды. Онда Ю.Путинцева 3 эйспен бірге бес брейк-пойнтты түгел пайдалана білді. Қарсыласы 3 эйс, 4 брейкпен (12 брейк-пойнт) шектелді.

    Енді Путинцева үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 31-ракеткасы, чехиялық Каролина Плишковамен кездеседі.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Бір пікір

    1. Спасибо за подробную информацию. Крутое казино пинап казино менять на другое даже мысли не возникает.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *