• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Australian Open-2023: Рыбакина үшінші айналымға шықты

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Австралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты.

    Теннисші «Үлкен дулыға» турнирінің екінші айналымында дүниежүзілік рейтингте 104-орында тұрған словениялық Кайя Йуванмен кездесті.

    Бірінші партияда отандасымыз қарсыласын 6:2 есебімен ұтып, өз шеберлігінің әлдеқайда басым екендігін көрсетті. Екінші сетте де бірден алға кетіп, қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ. Есеп — 6:1.

    Ойында Рыбакина 5 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды.

    Рыбакина төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 11-ракеткасы, америкалық Даниэль Коллинз немесе рейтингте 133-сатыдағы чехиялық Каролина Мухованың біреуімен кездеседі. Ол жуырда Д.Коллинзді Аделаида турнирінде  5:7, 6:2, 6:3 есебімен ұтқан еді.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *