• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Australian Open-2023: Қазақстан теннисшілері екінші айналымға жолдама алды

    Теннистен Австралияда өтіп жатқан Үлкен дулыға» турнирінде әйелдер арасында әлемнің 47-ракеткасы Юлия Путинцева, ерлер арасында  Александр Недовесов пен Андрей Голубев жұптық сында екінші айналымға шықты.

    Әуелі Путинцева әлемнің 42-ракеткасы, румыниялық Сорана Кырстямен кездесіп, оны бірінші партияда 6:2, содан кейін 6:4, 6:3 есебімен ұтты.

    Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Путинцева 3 эйспен бірге бес брейк-пойнтты түгел пайдалана білді. Енді Қазақстан теннисшісі үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 31-ракеткасы, чехиялық Каролина Плишковамен кездеседі

    Александр Недовесов пен Андрей Голубев жұптық сында австралиялықтар Дейн Суини мен Ли Тумен кездесті. Бұл ойында отандастарымыз қарсыластарын 6:0, 6:2 есебімен оңай жеңді. Бір сағатқа жуық уақытқа созылған бәсеке барысында олар 1 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды.

    Енді олардың екінші айналымдағы қарсыластары кейін анықталады.

    Александр Бублик Мельбурнмен қош айтысты. Ол австралиялық Джон-Патрик Смитпен бірге осы «Үлкен дулыға» турнирінің бірінші ракеткалары, нидерландылық Уэсли Колхоф пен Нил Скупскинен 1:6, 2:6 есебімен жеңіліп қалды.

    Анна Данилина мен Александр Недовесов миксте күш сынасады. Олар колумбиялық Хуан Себастьян Кабаль – франциялық Кристина Младенович дуэтімен ойнайды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *