• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Универсиада: шорт-тректен Қазақстан құрамасы күміс жүлдегер атанды

    Шорт-тректен Қазақстан құрамасы Дүниежүзілік Универсиада ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды.

    Аралас эстафетада (2000м) Әділ Ғалиахметов, Еркебұлан Шамұханов, Әлішер Абұлқатимов, Яна Хан, Малика Ермек, Алина Ажғалиева 2:47.757 минут уақытымен екінші орынға тұрақтады.

    Алтын медальді Франция құрамасы иеленсе, қола жүлдені Жапония спортшылары еншіледі.

    Әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында 3 алтын, 2 күміс, 2 қола жүлде бар.

     

    Динара АМАНТАЙ,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *