• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    ITF W40 турнирі: Қазақстан теннисшілері ширек финалға шықты

    Үндістанның Пуна қаласында өтіп жатқан ITF W40 турнирде әлемдік рейтингте 483-орында тұрған Жібек Құламбаева мен Гөзал Айнитдинова (585 WTA) жұптық сында ширек финалына шықты.

    Отандамстарымыз жапониялықтар Эрина Хаяши мен Саки Имамураны 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

    Енді Жібек пен Гөзал жартылай финалға шығу үшін өзбекстандық Нигина Абдураимова мен тайбэйлік Ен-Шу Лангпен кездеседі.

    Жекелей сында теннисшілеріміз екінші айналымнан аса алмады.

    Тағы бір жаңалық, Австралияда «Мельбурн Парк» стадионының атақты корттарында ашық чемпионатқа орайластырылған Asia-Pacific Elite 14 & Under Trophy жасөспірімдер жарысы өтіп жатыр. 14 жастағы Альбина Кәкенова финалға шықты. «В» тобында Альбина үш матчта да жеңіске жетті. Ертең финалда ол  жапониялық Хикари Ямоммотомен бас жүлдені сарапқа салады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    Астана

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *