Қазақстан үздік үштіктен көрінді

Кеше кешкісін Сербияның Нови Сад қаласында самбо күресінен жасөспірімдер мен жастар арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Соңғы күні 52 кг салмақта күрескен Жадыра Әміртаева ел қоржынына үшінші алтын жүлде салды. Бұдан басқа  Ақбота Арынғазина (64 кг) екінші орынды иеленсе, Ернұр Сүлеймен (56 келі), Қайыркелді Айдынбай (57 кг) мен Қайсар Шамшиддинов (100 кг) қола медальді қанағат тұтты.

Сонымен Қазақстан құрамасы бұл жолғы әлем чемпионатында 3 алтын, 4 күміс және 13 қола жүлде алып, жалпыкомандалық есепте үшінші орынға ие болды. Жеңіс құтты болсын ағайын!

Мұсағали ТАСҚАЛИЕВ

Пікір жазу

Your email address will not be published. Required fields are marked *

*