• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Australian Open-2023: Елена Рыбакина финалда жеңіліп қалды

    Теннисші Елена Рыбакина 2023 жылғы Австралия ашық чемпионатында финалдық кездесуін өткізді.

    Қазақстанның бірінші ракеткасының қарсыласы турнирде бесінші орын алған беларусьтік Арина Соболенко болды.

    Бірінші сетте Елена жеңді – 6:4. Екінші сетте Соболенко мықтырақ шықты – 6:3. Шешуші ойында Арина Соболенко қарсыласынан 6:4 есебімен басым түсіп, титулдың иегері атанды.

    Матч 2 сағат 28 минутқа созылды.

    Финалға шығар жолда Уимблдон-2022 жеңімпазы Елена Рыбакина қатарынан үш «Үлкен дулыға» чемпионы: Ига Свитек (Польша), Елена Остапенко (Латвия) және Виктория Азаренконы (Беларусь) ұтқан болатын.

     

    Динара АМАНТАЙ,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *