• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионы атанды

    Румынияда шайбалы хоккейден Қазақстанның жасөспірімдер құрама командасы 18 жасқа дейінгі қыздар аарсында өткен әлем чемпионатының В тобындағы екінші дивизионда бірінші орынды жеңіп алды.

    Қазақстан құрамасы өз тобында Болгария, Жаңа Зеландия, Бельгия, Эстония және Исландия командасымен сынға түсіп, қарсыластарының бәрін ұтты. Құрама команда топтағы алғашқы матчта Болгарияны 8:1, одан кейін Жаңа Зеландияны 7:1, Бельгияны 5:3, Эстонияны 8:0, Исландияны 7:0 есебімен ойсырата жеңді. Қазақстан құрамасы соңғы ойында Исландиямен бірінші орын үшін күш сынасты.

    Қорытынды ойын кестесінде Қазақстан хоккейшілер 15 ұпаймен бірінші орын алды. Одан кейінгі орындардағы Бельгия – 11, Исландия – 9, Жаңа Зеландия – 6, Болгария 4 ұпай алған болса, Эстония ұпай жинаған жоқ.

    Осылайша отандастарымыз екінші дивизионның А тобында сынға түсуге мүмкіндік алды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *