• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Александр Касачев «Жетісу бөрісі» атанды

    Талдықорғанда «Жетісу бөрісі» турнирі өтті. Дүбірлі додада Александр Касачев бас жүлдені жеңіп алды. Жеңімпазға су жаңа «Лада Гранта» автокөлігі сыйға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Сайысқа 38 саңлақ қатысты. Олар осыған дейін Алматы облысының аудан-қалаларындағы іріктеу турнирлерінде топ жарған және екінші орын иеленген балуандар. Ақтық сында жолындағыларды жапыра жеңген, Талдықорған атынан кілемге шығып отырған балуандар — Ұлан Рысқұл пен Александр Касачев кездесті. Ұлан — 1986 жылы туған, бойы 186 см, салмағы 135 келі. Александр — 1987 жылы туған, бойы 175 см, салмағы 105 келі. Кездесу тартысты болғанына «Жастар» сарайына жиналғандар куә. Әп дегеннен, есепті Александр ашты. Бүк ұпайын қанжығасына байлап, жартылай жеңіске де жетті. Ұлан да қарап қалмады. 2 рет бүк ұпайын иеленді. Дегенмен, әдіс жасап, Ұланды жамбасқа атып жіберген Александр Касачев таза жеңді. Осылайша, Александр Касачев — «Жетісу бөрісі» атанды. Ұлан Рысқұл екінші орынды иеленді.

    http://www.inform.kz/kz/aleksandr-kasachev-zhetisu-borisi-atandy_a3018754

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *