• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова карьерасын аяқтады (ВИДЕО)

    Олимпиада чемпионы әрі Олимпиаданың күміс және қола жүлдегері, жеңіл атлет Ольга Рыпакова кәсіби карьерасын ресми түрде аяқтады.

    Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының хабарлауынша, атақты спортшы бұл туралы Астанада жеңіл атлетикадан өткен жабық кешендегі Х Азия чемпионатында хабарлады.

    Еліме ризамын! Президент пен спорт жетекшілерінен бастап менің ең жас жанкүйерлеріме дейін бір ғана, бірақ өте маңызды нәрсе – маған сенімдері үшін алғыс айтамын. Мені тұлға ретінде, кәсіпқой спортшы ретінде танытуға мүмкіндік берген тағдырға және Құдайға алғыс айтамын, — деді Ольга Рыпакова.

    Отандық спорттың дамуына үлкен үлес қосқаны үшін премьер-министр спортшыға алғысхат жолдады.

    Сіздің жарқын жеңістеріңіз қазақстандық жанкүйерлердің жүрегінде мәңгі қалады. Біз сіздің спортқа және принциптерге деген адалдығыңызды бағалаймыз. Ел бойынша мыңдаған бала сізден үлгі алады және отандық жеңіл атлетика дәстүрін жалғастырады. Отандық спортты дамытуға қосқан үлесіңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз.

    Құрметпен, премьер-министр Әлихан Смайылов, — делінген алғысхатта.

    Салтанат соңында спортшы жанкүйерлер алдында құрмет шеңберін жүгіріп өтті.

     

    Шамкен БАЙЫРБЕК,

    ФОТО: Мәдениет және спорт минимстрлігі Спортты дамыту дирекциясы

    АСТАНА

     

     

     

    View this post on Instagram

     

    A post shared by Kazakhstan Olympic Team (@olympickz)

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *