• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Тағы бірнеше ауыр атлет допинг қолданғаны үшін жарыстан шеттетілді

    Елімізде ауыр атлет Игорь Соннан басқа тағы бірнеше спортшы допинг қолданғаны үшін жарыстан шеттетілді. Бұл туралы Ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Алдияр Нұралинов айтты.

    Былтыр 23 желтоқсанда Қазақстан Ұлттық допингке қарсы орталығының тәртіптік комиссиясының келесі спортшыларды шеттету туралы шешімі шықты, — деді ол.

    Оның айтуынша, былтыр 9 ақпаннан 2 наурызына дейін ҚазДҚҰО жарыстан тыс допинг-бақылау жасағанда ұлттық құрама команданың спортшыларына ауыр атлетикадан тестілеу өткізгенде бірнеше ауыр атлеттен допинг-сынама алынып, ол оң нәтиже көрсеткен. Соның нәтижесінде Игорь Соннан басқа Матвей Макрушин 2 жылға, Абылай Әуелханов, Юлия Потасова, Руфина Чалкарова мен Алексей Дроздов төрт жылға жарыстан шеттетілді.

    Бұл допинг-бақылауды еліміздің допингке қарсы орталығы жасады. Оның нәтижелері Ауыр атлетика федерация мен ұлттық құраманың басқа мүшелері үшін еш кесірін тигізбейді. Алайда, допинг қолданғаны үшін шешімдер WADA Кодексіне және Халықаралық ауыр атлетика федерациясының допингке қарсы ережелеріне сәйкес қабылданады. Яғни, өз елімізде допингтен өтпеген спортшыларымыздың халықаралық жарыстарда жеңіп алған жүлделері қайтарылмайды, — деді Алдияр Нұралинов.

    Оның айтуынша, елімізде допингке тексеру жұмысы спортшыларды халықаралық жарыстар алдында денсаулығын бақылауда ұстау үшін жасалады.  Ал егер спортшы үш рет допингпен ұсталса, ол командадан шеттетіледі. Тәртіпке бағынбағандар ұлттық құрамадан аластатылады.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *