• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Элдор Шомурадов Орталық Азиядағы ең қымбат футболшы атанды

    Германияның Transfermarkt порталы Орталық Азияның ең қымбат ойыншыларының рейтингін жасады.

    Футболшылардың келісімшарты мен трансфер құны туралы ақпаратты анықтауға бейімделген порталдың дерегіне қарағанда, Өзбекстанның ұлттық құрамасы мен Италияның «А» сериясының «Специя» клубының шабуылшысы Элдор Шомурадов Орталық Азияның ең қымбат ойыншысы деп танылды. Оның трансферлік құны 7 млн еуроға бағаланған.

    Екінші орынды Қазақстан құрамасы мен  Мәскеудің ЦСКА клубының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов иеленді. Үшінші орынға саудиялық «Ан-Наср» командасы сапындағы өзбекстандық Жалалиддин Машарипов ие болды.

    Орталық Азияның ең қымбат 10 ойыншысы:

    Элдор Шомурадов (Өзбекстан/ «Специя», Италия) – 7 млн еуро;

    Бахтиер Зайнутдинов (Қазақстан/ЦСКА, Ресей) – 5 млн;

    Жалолиддин Машарипов (Өзбекстан/ «Ан-Наср», Сауд Арабиясы) – 2,5 млн;

    Азиз Ганиев (Өзбекстан/Шабаб «Аль-Ахли», Египет) – 2 млн;

    Атабек Шукуров (Өзбекстан/ «Фатих Карагумрук», Түркия) – 2 млн;

    Игорь Сергеев (Өзбекстан/«Тобыл», Қазақстан) – 1,4 млн;

    Нурәлі Әліп (Қазақстан/«Зенит», Ресей) – 1,2 млн;

    Александр Меркел (Қазақстан/«Газиантеп», Түркия) – 1 млн;

    Марат Бистров (Қазақстан/«Ахмат», Ресей) – 1 млн;

    Ибрахимхалил Юлдошев (Өзбекстан/«Нижний Новгород», Ресей) – 900 мың еуро.

    Қырғызстан құрамасының ең қымбат ойыншысы Валерий Кичин ( «Енисей», Ресей) – 750 мың еуро.

    Түркіменстан құрамасының ең қымбат ойыншысы Руслан Мингазов («Китчи», Сянгань, Қытай) – 550 мың еуро.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *