• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қызылордалық волейболшылар — ел чемпионы

    12-19 сәуір аралығында Түркістан қаласында 1999 — 2000 жылдары туылған жасөспірімдер арасында волейболдан Қазақстан Республикасының көктемгі чемпионаты өтті. Астана, Алматы қалалары мен барлық облыстардан 16 команда, 200-ден аса спортшы қатысқан дүбірлі сайыста жерлестеріміз бірінші орынды жеңіп алды. Бұл туралы ҚазАқпарат ХАА тілшісі хабарлады. Қызылорда облысының құрама командасының жеңімпаз атануына сырдариялықтар Дәулет Кенжеғалиев, Дәулет Русланов, Азамат Ордабеков, Мұхамедәли Байтүгелов, Әлішер Өтешов, шиеліліктер Аят Рамазанұлы, Олжас Сапарбай, Мағжан Ахантай, Нұрлан Сайын, жаңақорғандықтар Зұлфар Мансұр, Ерболат Орынханов, Бекзат Мейрамбек, Қазалыдан Ерсұлтан Оңарбай сынды волейболшылар өз үлестерін қосты.

    Команданы жарысқа Болат Рысмахан және Өтепберген Әбдіраманов дайындады. Облыстың жасөспірімдер арасындағы аға жаттықтырушысы Болат Рысмаханның айтуынша, спортшылар енді маусым айында Өскемен, Хромтау қалаларында өтетін Қазақстан Республикасының жазғы чемпионатына дайындалады. Айта кетейік, жақында Түркістан қаласында 2000-2004 жылдары туылған жасөспірімдер арасында волейболдан өткен ел чемпионатында қызылордалықтар қола жүлдені иеленген болатын.

    http://www.inform.kz/kz/kyzylordalyk-sportshylar-voleyboldan-otken-el-chempionatynda-birinshi-oryn-ielendi_a3018708

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *