• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Астанада бильярдтан Жолдасбек Дуанабай атындағы турнир өтеді

    Ертең, 4 наурыз күні Астанада AIQYN, «Литер» және Turkistan газеттерінің ұйымдастыруымен зиялы қауым мен БАҚ қызметкерлері арасында Жолдасбек Дуанабай атындағы дәстүрлі бильярд турнирі өтеді.

    Жолдасбек Дуанабайдың есімі қалың оқырманға белгілі. Ол қазақ басылымдарына елеулі еңбек сіңірген белгілі журналист, Б.Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты, мәдениет қайраткері болған.

    Турнирге 50-ден аса адам қатысады. Олар екі санат бойынша бақ сынайды. Әр санатқа үш бағалы жүлдеден тағайындалған. Одан бөлек, белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар беріледі.

    Турнирдің бас төрешісі – ҚР Жоғары ұлттық дәрежедегі төреші Несіп Жүнісбайұлы.

    Турнирдің өтетін орны: Астана қаласы, Қажымұқан көшесі, 3-үй, «Зодиак» бильярд клубы.

    Басталуы: 09:00

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *