• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Маңғыстау спортына жаңаша көзқарас керек

    Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылына Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Еділ Жаңбыршин мен облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Архимед Буркитбаев бастаған азаматтар Басқұдық балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне келіп, жаттықтырушылармен кездесу өткізді.

    Спорт мектебі 2015 жылы қолданысқа берілді. Бірақ әлі күнге стадионы жоқ. Үш спорт түрінен (грек-рим, дзюдо, еркін күрес) 150-дей спортшы үйірмеге қатысады. Бала көбейген сайын іші тарлық етеді. Ауламыздан стадион салынса — футбол, волейбол, баскетбол үйірмелері ашылса, балалар көбейетін еді.

    Кездесуде депутаттыққа үміткерлерге сұрақ қойып, Маңғыстау спортындағы біраз мәселерді көтердім. Бір жарым сағат көлемінде облыс пен аудан спортына толық өзгерістер керек екенін айттым. Сұрағыма жауап берген Еділ Терекбайұлы мені Мәдениет және спорт министрі Асхат Ораловпен кездестіретінін айтты.

    1. Ақтаудан спорт мектеп-интернат-колледжін салу керек.
    2. Оқу-жаттығу жиынын өткізетін спорттық база керек.
    3. Маңғыстаудан Жазғы Олимпиялық ойындардан чемпион шығаруға жағдай жасалуы керек.
    4. Облысымыздан Қысқы Олимпиада және Паралимпиада мен Сурдлимпиада спортын дамыту керек.
    5. Спорт дәрігерлері, менеджерлер және диетолог мамандықтарына грант бөліп, студенттерді оқыту керек.
    6. Мұнайлы ауданында 12000-нан астам жасөспірімдер мен жастар спортпен айналысады. Олардың саны жыл сайын көбейіп келеді. Осы орайда ауданда спорттық дене шынықтыру диспансерін ашу керек.
    7. Спорт басқармасы мен аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшылары екі жылда бір рет жаттықтырушыларымен кездесіп, жиналыс өткізуі керек.

    Кандидаттар уәдесін беріп кетті. Бұл азаматтардың сайлауда жеңетініне сенемін. Енді ел аманатының орындалуын күтеміз.

     

    Айбек МҰХАНОВ,

    Маңғыстау облысы,

    Мұнайлы ауданы

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *