• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Жәнібек Әлімханұлы «Канелоны» қай кезде құлататынын айтты

    Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы екінші орта дивизионда әлемнің абсолют чемпионы Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жек туралы сұраққа жауап берді.

    Ол әлеуметтік желіде: «Канеломен» жекпе-жек қашан?» деп сұраған адамға:

    «Канело» туралы сұрақ көп. Онымен кез келген уақытта кездесуге дайынмын. Тактика және техника жағынан да дайынмын. Құдай қаласа, онымен айқас та алыс емес. Жанкүйерлер сияқты мен де ол жекпе-жекті асыға күтемін. Бұйырса, үш раундта құлатамын», — деп жауап берді Әлімханұлы.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *