• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Мессидің балалық шағы туралы мультхикая түсіріледі

    Аргентина ұлттық құрамасы мен «Пари Сен-Жермен» футбол клубының шабуылшысы Лионель Мессидің балалық шағу туралы мультхикая түсіріледі. Оны  америкалық компаниялардың бірі түсіреді.

    Режиссерлардың айтуынша, мультхикаяда футболшының балалық шағы көрсетіледі. Онда бала Лео бейнеойын арқылы әлемді шарлап, түрлі кедергілерден өтеді. Фильмде америкалық студияның өнерпаздары мен композиторларының музыкасы пайдаланылады.

    Мультхикаяны түсіру жұмыстарына Мессидің өзі де қатысады. Фильм әлемнің көптеген тіліне аударылады.

    Сериалдың қашан шығатыны әзірше белгісіз.

    Месси – «Алтын доп» сыйлығын жеті рет, FIFA-ның «Жыл ойыншысы» атағын алты рет, «Алтын бутсы» жүлдесін бірнеше рет жеңіп алған әлемдегі жалғыз ойыншы. Былтыр ол Аргентина құрамасы сапында тұңғыш рет әлем чемпионы атанды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *