• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қытайдағы қандастар Джеки Чанға шапан жауып, ат мінгізді (ВИДЕО)

    Қытайдың Шынжаң-Ұйғыр автономия өлкесі Іле Қазақ автономиялы облысының Моңғолкүре ауданында тұратын қандастарымыз «Оскар» сыйлығының иегері, әлемге танымал қытайлық актер Джеки Чанға тақия кигізіп, үстінешапан жауып, тұлпар мінгізді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

    Weibo әлеуметтік желісінде тараған видеолардан танымал актердің Шыңжаңға сапары кезінде жергілікті тұрғындардың ыстық ықыласына бөленгенін, сондай-ақ қазақ салт-дәстүрі бойынша құрметті қонақ ретінде тұлпарды сыйға алғанын көруге болады.

    Басына қазақы тақия, үстіне шапан киіп, қолына қамшы ұстаған Джеки Чан көпшілікке ризашылығын білдіріп, олармен бірге ән салды.

    Айта кетейік, Джеки Чан Шыңжаңға осы жолғы сапарында 2005 жылы жарық көрген «Миф» киносының жалғасын түсірген.

     

    Еркеғали БЕЙСЕНОВ,

    АСТАНА

     

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *