• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақстан боксшылары жастар арасындағы әлем кубогына қатысады

    Бокстан еліміздің жастар құрама командасы 14-19 наурыз аралығында Черногорияның Будвада қаласында өтетін «Адриатика інжу-маржаны» атты халықаралық турнирге қатысады.

    Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) хабарлауынша, бұл турнир жастар арасында әлем кубогы мәртебесіне ие. Оған 2005-2006 жылдары туған жас жігіттер мен бойжеткендер қатысады. Атап айтқанда, ерлер 13, ал қыздар 12 салмақ дәрежесінде күш сынасады.

    Турнирде Куба, Ресей, Бразилия, Түркия және басқа да елдердің боксшылары қолғап түйістіреді. Бұл жарыс 23 сәуір мен 4 мамыр аралығында Арменияның астанасы – Ереван қаласында өтетін Еуропа жастар чемпионатына дайындық ретінде өтеді.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *