• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Исламбек Салжанов: «Біздің мақсат — қазақ ат спортын әлемдік деңгейге көтеру»

    11 наурыз күніҰлттық спорт қауымдастығының пезиденті Исламбек Салжанов елімізге арнайы сапармен келген әлемдік танымал жокей, халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы Бауыржан Мырзабаевпен кездесті.

    Тараптар еліміздегі ұлттық спорт түрлері дамуының қазіргі жағдайы мен бұл саладағы үздік әлемдік тәжірибені енгізу сияқты мәселелерді талқылады. Сонымен бірге, қазір Германияда тұрып жатқан спортшы Еуропа елдеріндегі қазақ диаспорасы тарапынан ұлттық спорт түрлерін насихаттауға қызығушылық бар екенін жеткізді.

    Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов қауымдастықтың елімізде 2024 жылы өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық жұмыстары туралы айтып, танымал жокейді жергілікті спортшылармен және атбегілермен тәжірибе алмасуға шақырды.

    Кездесу соңында Исламбек Салжанов даңқты спортшыға Қауымдастық атынан қазақ ат спортын әлемде насихаттауға қосқан үлесі үшін алғыс хат табыс етті.

    Бауыржан Мырзабаев 1992 жылы Алматы облысы Кербұлақ ауданына қарасты Шұбар ауылында дүниеге келген.

    2009 жылы Чехияда 3 жылдық жокейлер мектебіне түсті. 2012 жылы кәсіби шабандоз лицензиясын алып, Чехияда 35 бәйгенің жеңімпазы атанды.

    Сонымен бірге, әлемде ең қызу бәйгелер өтетін Жапония чемпионаттарының бірнеше мәрте чемпионы атағын жеңіп алды.

    2015 жылы Қазақстан атынан ұшқыр бәйгеден Еуропа чемпионатына қатысып, бас жүлдені иеленді.

    2017 жылдан бері Германияда тұрып жатыр. Сол елде 100-ден астам бәйгенің жеңімпазы атанып, неміс тарихында бұрын-соңды болмаған рекордты жаңартты.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *