• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақстан дзюдошылары Еуропа кубогында алты жүлдені иеленді

    11-12 наурыз аралығында Хорватияның Загреб қаласында жастар арасында дзюдодан Еуропа кубогы үшін турнир өтті.

    Турнирде Қазақстан командасы медальдік кестеде бесінші орын алып, 2 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.

    Загребтегі татамиде әлемнің 35 елінен 800-ден астам жас дзюдошылар бақ сынасты.

    Қазақстаннан Ерхан Марат (50 кг) пен Сабина Юлдашева (48 кг) кубоктың иегері атанса, Оралбек Байзақ (55 кг) турнирдің күміс жүлдегері болды. Қола медаль  Нұрсұлтан Ысқақов (60 кг), Еділ Ерболұлы (60 кг) пен Досбол Балғабайға (81 кг) бұйырды.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *