• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Бір матчта – 5 гол: «Манчестер Ситидің» шабуылшысы жаңа рекорд жасады

    «Манчестер Сити» клубының шабуылшысы Эрлинг Холланд Чемпиондар лигасында жаңа рекорд жасады.

    Бүгінтүнде футболдан Чемпиондар лигасы 1/8 финалында қарсылас командалардың екінші матчтары өткен болатын. «Манчестер Ситидің» өз алаңында «Лейпциг» клубымен кездесіп, 7:0 есебімен жеңіске жетті.

    Осы ойында Эрлинг Холланд 5 гол соқты. Бұл норвегиялық сұрмергеннің турнир тарихында 25 матчтағы 30-добы болып тіркеліп отыр.

    Оған дейінгі рекорд Руд Ван Нистелройға тиесілі еді. Нидерланд шабуылшысы Чемпиондар лигасындағы 30 голын 34 матчта соққан.

    Сонымен қатар, Эрлинг Холланд 30 гол соққан ең жас ойыншы атанды. Бұған дейінгі рекордқа «ПСЖ» шабуылшысы Киллиан Мбаппе қол жеткізген еді.

     

    Еркеғали БЕЙСЕНОВ,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *