• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Алматыда футбол жанкүйерлері жаппай төбелесе кетті (ВИДЕО)

    Алматыдағы орталық стадионда футбол матчтарының бірінде жанкүйерлер арасында төбелес болған. Оқиға орнынан түсірілген видео Instagram-дағы Ruh_Ultras парақшасына жарияланды.

    Бейнежазбадан тәртіп сақшыларын да көруге болады. Жазбаның сипаттамасында төбелестің «Қайрат» пен «Каспий» футбол клубтары арасындағы матч кезінде болғаны хабарланған.

    Оқиғаға қатысты полицейлер түсінік берді.

    Алматы қалалық ПД орталық стадионда футбол ойыны кезінде тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қызмет атқарған полицейлердің адам көп жиналатын орындарда пайдалануға тыйым салынған файерлерді жағу деректерінің жолын кескендігін хабарлайды, — делінген ресми хабарламада.

    Сонымен қатар, ведомство қоғамдық тәртіпті одан әрі бұзудың алдын алу мақсатында жанкүйерлермен құқықтық түсіндірме әңгіме жүргізілгенін жеткізді.

     

    Еркеғали БЕЙСЕНОВ,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *