• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Президент Рыбакинаны жеңісімен құттықтады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаны әлемдік турнирдегі жеңісімен құттықтады.

    Индиан-Уэллстегі беделді турнирде жарқын жеңіске жеткен Елена Рыбакинаны құттықтаймын! Біздің спортшымыз асқан шеберлігін, жеңіске деген мұқалмас ерік-жігерін және спорттағы жоғары мәдениет үлгісін көрсетті. Елена әлемдегі үздік корттарда жаңа жетістіктерге жете береді деп сенемін! – деп жазды президент Instagram-дағы парақшасына.

    Елена Рыбакина Индиан-Уэллс WTA 1000 турнирінің жеңімпазы атанған. Ол финалда әлемнің екінші ракеткасы Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездесіп, оны жеңген болатын.

    Теннисші алғаш рет әлемдік рейтингте 7-орынға көтеріліп отыр.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *