• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қазақстан құрамасы өз алаңында Словениядан ұтылып қалды

    Астанада футболдан Қазақстанның ұлттық құрамасы 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінің бірінші матчын Словения командасымен өткізіп, 1:2 есебімен ұтылып қалды.

    Кездесуде алғашқы болып алаң иелері гол салды. Ойынның 24-минутта қапталдан алға шыққан Абат Айымбетов допты Вороговскийге асырды. Ал Ян Вороговский одан әрі қонақтардың айып алаңына қарай командаластарына пас берді. Допқа бірінші болып Максим Самородов жетіп, баспен қақпаға соқты. Одан кейін екінші таймның басында алаң иелері басымдықтан айырылып қалды. Осы мүмкіндікті 47-минутында словендер сәтті пайдаланды. Қонақтар сапындағы Давид Брекало бұрыштамадан берілген допты Шацких қорғаған қақпаға баспен ұрып, есепті теңестірді.

    Екінші таймның ортасында Бауыржан Исламхан мен Бахтиер Зайнутдинов алаңға шығып, құрама ойнышыларына көмектесуге тырысты. Алайда олар алаңдағы ойынды күшейтуге көп үлес қоса алмады ( Кездесуден кейін бас жаттықтырушы Магомед Адиев екеуін де алаңға ертерек шығару керек еді, бірақ Зайнутдиновтың шамасы жарты сағатқа ғана жетеді деп айтты, — ред.). Осылайша есеп тең болып тұрғанда Словения құрамасы 78-минутта тағы бір гол салып, алға шығып кетті. Голдың авторы Жан Випотник болды.

    Қазақстан құрамасы осылайша Еуропа чемпионатындағы іріктеу матчын жеңіліспен бастады. H тобындағы басқа ойындарда Дания Финляндияны 3:1 есебімен жеңсе, Сан-Марино да өз алаңында Солтүстік Ирландиядан 0:2 есебімен ұтылып қалды.

    Енді 26 наурызда ел құрамасы өз алаңында Дания командасымен кездеседі.

    Командалар мына құрамда алаңға шықты.

    Қазақстан – Словения – 1:2

    Голдар: Максим Самородов, 24 (1:0). Давид Брекало, 47 (1:1).Зан Випотник. 78 (1:2).

    Ескерту: Марат Быстров 55, Рамазан Оразов 66 – Петар Стоянович 45+1

    Қазақстан: Игорь Шацкий (Қ), Ян Вороговский, Сергей Малый, Марат Быстров (Темірлан Ерланов, 79), Александр Марочкин, Михаил Габышев (Бағдат Қайыров, 68) – Асхат Тағыберген (К), Аслан Дарабаев (Абзал Бейсебеков, 79), Рамазан Оразов, Максим Самородов (Бауыржан Исламханғ 62) – Абат Айымбетов (Бактиер Зайнутдинов, 62).

    Резерв: Стас Покатилов (қ), Бекхан Шайзада (қ), Лев Скворцов, Тимур Досмағамбетов, Арман Кеңесов, Владислав Прокопенко, Абылайхан Жұмабек.

    Бас жаттықтырушы: Магомед Адиев.

    Словения: Ян Облак (Қ) – Юре Балковец (Миха Зайц 46), Яка Бийол, Миха Блажич (Давид Брекало, 5), Жан Карничник – Беньямин Вербич (Санди Ловрич, 70), Йон Горенц – Станкович, Адам Гнезда, Петар Стоянович – Беньямин Шешко, Жан Целар (Зан Випотник, 70).

     

    Резерв: Вид Белец (қ), Матевж Видовшек (қ), Ваня Дркушич, Жан Залетел, Томи Хорват, Андрес Вомбергар, Лука Захович, Тими Эльшник;

    Бас жаттықтырушы: Матьяж Кек.

    Төрешілер: Гленн Нюберг, Махбод Беиджи, Андреас Седерквист (барлығы – Швеция).

    VAR төрешілері: Федайи Сан, Лионель Чуди (екеуі де – Швейцария).

    23.03.2023. «Астана Арена», Астана, 27 122 жанкүйер. 

     

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *