• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Рыбакина Майами турнирінің үшінші айналымына шықты

    Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Майами штатында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты.

    Бұл турнирге Елена Рыбакина 10-ракетка болып тіркеліп, екінші айналымнан бастап қатыса бастады.  Ол алғашқы кездесуінде дүниежүзілік рейтингте 64-орында тұрған ресейлік Анна Калинскаямен күш сынасып, оны 7:5, 4:6, 6:3 есебімен ұтты.

    Енді Рыбакина үшінші айналымда әлемнің 29-ракеткасы, испаниялық Паула Бадосамен кездеседі.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *