• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Қуат Хамитов футболдан Қазақстан жеңісіне қатысты ойын айтты

    Аралас жекпе-жектің файтері Қуат Хамитов футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу матчында Қазақстан ұлттық құрамасының Дания командасын 3:2 есебімен жеңгеніне қатысты ойын айтты.

    Қазақстан футболының бірде-бір жеңісіне қуанбаймын. Несіне қуанасың, айналаға қараңызшы, халық деген 30 жыл бойы күнін әзер көруде, жұмыс жоқ, орташа табыс 80 мың ғана, азық-түлік қымбат, медицина жоқ, адамдар қарызға кіріп жүр. Соған қарамастан халықтың аузынан жырып, салық төлейді, ал осының бәрі қайда кетеді!? Футболға ма!? Мұндай жеңістер кімге керек, пайдасынан зияны көп болса!

    Халықтың ақшасын құртпай өз күшімен жеңгенде ғана футболды сыйлай бастаймын! Солай істей алатындарыңды, ер екендеріңді дәлелдеңдер. Ал былай… Айтпақшы, осы уақытқа дейін далаға кеткен қанша ақшаны да қайтару керек!, – деді Хамитов Instagram желісінде.

    Аралас жекпе-жектің тағы бір файтері Шавкат Рахмонов болса, керісінше, ұлттық құраманың жеңісіне қуанып, футболшылармен сөйлескен.

     

    Дастан КЕНЖАЛИН,

    АСТАНА

     

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *