• Қазақ
  •   
  • Qazaq
  •   
  • قازاق
  •   
  • Рус
  •   

    Оралда тоғызқұмалақтан мұғалімдер арасында турнирі өтті

    Орал қаласында тұңғыш рет дене шынықтыру пәні мұғалімдері арасында Қазақстан чемпионаты өтті.

    Тоғызқұмалақ спорты федерациясы, Батыс Қазақстан облысы білім беру басқармасы мен дене шынықтыру және спорт басқармалары жəне республикалық «Спорт жұлдыздары» журналы бірлесіп өткізген додаға Ақтөбе, Атырау, БҚО, Маңғыстау, Қарағанды жəне Қызылорда облыстарынан ұлттық спортты ұлықтап жүрген ұстаздар келіп, əр жас ерекшелігі бойынша сынға түсті.

    Тоғызқұмалақтан Қазақстан құрама командасының бас бапкері Айнұр Жақапбаева чемпионатты құттықтау сөзден ашып, облыстық білім басқармасы атынан «Өркен» қосымша білім беру орталығының директоры Айболат Қожанғалиев қатысушыларға сəттілік тіледі.
    Республикалық «Спорт жұлдыздары» журналының бас редакторы Мусағали Тасқалиев Алматыдан келген құрметті қонағымыз Айнұр Əбсадыққызына журнал атынан «Тəуелсіздікке қосқан үлесі үшін » естелік медалін табыс етті.

    Болатбек САҒЫМБАЕВ,
    ОРАЛ.

    Пікір жазу

    Your email address will not be published. Required fields are marked *

    *